Жас жұбайларға бата
Айналайын, құлыным!
Ғұмырымдағы тынысым!
Маңдайымдағы ырысым,
Тілегімізді ақтасаң,
Әрқашанда ірісің.
Ай мен Күндей жарасып,
Бір — біріңе қарасып,
Шалқып шықсын күлісің,
Оңалар сонда жүрісің.
Айналайын, келінім!
Құтты болсын, қосағың!
Екеуіңе бақ тілеп,
Тілегіме қосамын!
Ырыс, байлық кетпесін,
Маздап жансын ошағың.
Жарыңменен жарасып,
Мәңгі бірге жасағын.
Ата — ананың тілегі:
Сендерсіңдер жүрегі.
Намысты болсын ұлдарың,
Гүлдей өссін қыздарың.
Тәтті болыңдар мәңгілік,
Сонда мен де ырзамын.
Ұрыс — керіс болмасын
Алла тілегімді қолдасын!
Тіл — көзден Құдай сақтасын!
Келін — бала, тілегімді ақтасын!
Әумин!
Жас жұбайларға бата жас отауға берілетін бата екі жасқа бата баталар жинағы
© Бата-тілектер дереккөзі