Құрбының ұзату тойына тілек
Тарих бетін ақтарсақ та жүз қарап,
Туған үйге үшін қашаннан да қыз — қонақ.
Еркелетіп, орыны оның төрде деп,
Қызымызды кие дейміз, біз қазақ.
Сен де құрбым таптың міне теңіңді,
Қадамыңды бас алдыға сенімді.
Бақытты бол, тастай батып, судай сің
Бақытты қыл барған жұртың, еліңді
Бастарыңа үйірілсін барша бақ.
Бір біріңді ең аяулы жан санап.
Бір әулеттің түтетпексің түтінін
Бір әулеттің аманатын арқалап.