70 жасқа тілек
70 жасың құтты болсын бүгінгі күн мерейлі,
Тілектерді айтайын бүлкілдетіп көмейді.
Ақ жаулығың ақылдың туы болған, Анашым,
Періштелер әумин деп тілегімді жебейді.
Шуылдассын айналып немерең мен шөберең,
Шаңырағың шайқалмай кеңейсін тағы керегең.
Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғұмырың,
Ортамызда отыршы ақылды беріп демеген.
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп — төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!
Аузын ашса көрінетін жүрегі,
Бар туыстың, жанашыры тірегі.
Сенің асыл қасиетің, анашым,
Өміріме шамшырақ боп келеді.
Жүрегіммен айтар болсам бар шыным,
Бір өзіңдей ұға алмайды жан сырын.
70 жасың құтты болсын Анашым,
Білем өмірің болмағанын бал шырын.
Үлгі тұтам әрбір ісіңді
Қандай жұмсақ алақаның, жүзің сондай шуақты.
Жүз жасаңыз жан анашым, көрмей енді тауқымет,
Бәйтерексіз сая болған ұрпағыңа әрқашан
Ізгі тілекпен балалары:
70 жасқа тілек 70 жасқа арналған тілектер 70 жас мерей той 70 жасқа арналған өлең жолдары