50 жасқа тілек
Жан аға, құтты болсын 50 жасың,
Әр уақытта домалап өрге тасың.
Бізді әрқашан бауырыңа жақын тарттың,
Әрдайым аман болсын алтын басың.
Тілек еттім алғы күннің ажарын,
Сарқылмасын өмір — өзен базарың.
Абыройың арта түсіп үнемі,
Хақ — Тәңірі көрсетпесін азабын.
Қызық — шаттық жақсылықты көре бер,
Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.
Беделің де артсын ылғи ортада,
Еңбегіңмен алда өсіп өне бер.
Құтты болсын 50 жасың белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып жасыңа жас қосылсын,
Алла жазса, тағы бір 50 жас жасарсың.
50 жасқа тілек 50 жас мерей тойға арналған құттықтаулар 50 жасқа арналған тілектер туған күнге тілектер құттықтаулар 50 жас