ТӨЛЕБИГЕ ҚАРАСАЙ БАТЫРДЫҢ БЕРГЕН БАТАСЫ
Қарағым Төле, айтқаның әділ болсын,
Тілегің қабыл болсын.
Дұшпаныңның қарғысы жетпесін,
Атқан оғы өтпесін.
Басыңнан бақыт кетпесін.
Бабам Бәйдібектің батасы,
Жауыңнан қорғап, септесін.
Қасыңдағы жолдасыңа берекең артып жүрсін,
Дұшпаның өзіңе қорғалап,
Досың болып, басын тартып жүрсін.
Көзіңді жақынға салма, алысқа сал,
Ниетіңді қалысқа сал.
Сиынғанға кие бол,
Халқыңа ие бол!
Әумин!
Баталар жинағы бата тілектер Төле би Қарасай батырдың берген батасы
© Бата-тілектер дереккөзі